Холландты көру үшін емес, Қазақстанды қолдау үшін стадионға келейік – үндеу

«Ресейліктер бізге сауынды сиыр ретінде қарайды»: Нұраддин Садықов Камил Гаджиевке жауап берді

21.07.2024, 23:22

Ресейлік маман Қазақстанда MMA турнирін өткізе алмай жүр

«Ресейліктер бізге сауынды сиыр ретінде қарайды»: Нұраддин Садықов Камил Гаджиевке жауап берді
instagram.com/nuraddins/

Ресейдің Fight Nights Global ұйымының президенті Камил Гаджиев «Хук вам» бағдарламасына берген сұхбатында Қазақстан ММА федерациясының басшысына ауыр айып таққан болатын. Бұл ұйым промоушендерге турнир өткізуге рұқсат берумен айналысады.

«Қазақстандағы федерацияның басшылығында ақыл-есі кем әйел отыр. Ол адамдарға, әсіресе шетелдік промоушендерге турнир ұйымдастыруға рұқсат бермеуге тырысып келеді. Бірақ түк етпейді, бізге көмектесіп жатқан өз адамдарымыз бар, мәселені шешіп алармыз», - деді ол.

Бұған OCTAGON лигасының президенті Нұраддин Садықов жауап берді. Гаджиевтің бұл сөздері көрші елдің ұйымы Қазақстанға сауынды сиырға қарағандай қарайтынын көрсетеді деп отыр. 

«Көрші елдің спорт қайраткерінің өзін қай кезде де құшақ жая қарсы алатын елдің спорт функционерінің зияткерлік деңгейін бағалаған видеоны көзім шалып қалды. Бұл кезекті рет әлгі қайраткердің «көреген» екенін дәлелдейді. Сол арқылы олар біздің елге тек сауынды сиыр ретінде қарайтынын аңғартты. Біздің әріптестер бұдан сабақ алады деп үміттенемін», - деді Садықов.

Әңгіме қай әйел туралы екені нақтыланған жоқ. 

Гаджиев Қазақстанда төрт Fight Nights Global турнирін ұйымдастырған (2017 және 2018 жылдары – екі реттен Астана мен Алматыға келді). Ал мамыр айында Fight Nights Global Naiza-мен бірігіп «Алматы Аренада» турнир өткізді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам