Холландты көру үшін емес, Қазақстанды қолдау үшін стадионға келейік – үндеу

Асу Алмабаевтың «тәбеті ашылды»: қазақ файтері UFC үздіктерімен төбелескісі келеді

22.07.2024, 10:47

Оның келесі жекпе-жегі биыл қазанда өтуі мүмкін

Асу Алмабаевтың «тәбеті ашылды»: қазақ файтері UFC үздіктерімен төбелескісі келеді
Getty Images

Аралас жекпе-жектен аса жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақ файтері Асу Алмабаев UFC рейтингінде ТОП-15-ке кіргеннен соң өз жоспарымен бөлісті.

«Вестник MMA» YouTube-каналына сұхбат берген Алмабаев ең үздіктермен октагонға шыққысы келетінін айтқан. Ол UFC лигасына 2023 жылы өтіп, бүгінге дейін үш жекпе-жек өткізіп үлгерді. Барлығында жеңіске жетті. Жуырда ғана Асу рейтингтің 15-сатысына көтеріліп, ТОП-файтерлермен кездесу өткізуге мүмкіндік алды.

«Егер рейтингте өзімнен жоғары тұрған файтерлерді берсе тек қуанам. Мәселен, ТОП-9, ТОП-5 тізімдегі файтерлерді сұрадым. Бірақ, мен сұрағандар биыл тамызда жекпе-жек өткізеді екен. Дәл қазір екінші орында тұрған Ройвэлмен төбелесуге де дайынмын. Маған бәрібір. Болмаса ТОП-қа кірмейтін файтерлерді әкелсін. Бастысы, бір орында тұрып қалмай, белсенді болуым қажет», - деді ол.

Асудың сөзінше, келесі жекпе-жегін ол биыл қазан айында өткізуі мүмкін. Абу-Дабиде UFC турнирі болса міндетті түрде өнер көрсетемін дейді.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам