“1bol.kz” сайтын қолдағаныңыз - қазақша сапалы контентке жаныңыз ашығаны! Дауыс беріңіз

Қазақстандықтар Дана Уайтқа «шабуыл» жасады

29.08.2024, 11:25

Жанкүйерлер Шавкат Рахмонов – Белал Мухаммад жекпе-жегін асыға күтуде

Қазақстандықтар Дана Уайтқа «шабуыл» жасады
instagram.com/shavkatrakhmonov94

Аралас жекпе-жек спортының қазақстандық жанкүйерлері UFC басшысынан Шавкат Рахмоновқа (18-0) чемпиондық айқас ұйымдастыруды талап етті.

Бұған дейін отандық аралас жекпе-жек шебері өзін дәл қазір америкалық Белал Мухаммадпен чемпиондық атақты сарапқа салуға ең лайықты үміткер екенін айтқан. Жанкүйерлер спортшыны әлеуметтік желідегі акция арқылы қолдады.

«Шавкат vs Белал. Шавкат оның быт-шытын шығарады», «Шавкаттың титулды айқасын күтеміз. Кейінге қалдыра берудің қажеті жоқ. Шавкат лайықты», «Дана, тез арада Шавкат пен Белалдың қарсыласқанын көргіміз келеді, соны жүзеге асыршы», «Дана, Шавкат пен Белал айқасын күтеміз», - деп қазақстандықтар Уайттың Instagram-дағы парақшасында жазып жатыр. 

Әзірге Шавкат Рахмоновтың октагонға қашан және кіммен шығатыны белгісіз. Ол былтырғы желтоқсандағы жекпе-жегінен кейін әлі төбелескен жоқ.

Бұған дейін UFC-де жеңілмеген отандасымыз жеңіл салмақтағы чемпион Ислам Махачевпен (26-1) төбелесуге дайын екенін айтқан болатын.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам