Шавкат былтыр желтоқсаннан бері октагонға шықпаған
UFC-де жартылай орта салмақта рейтингтің екінші және үшінші сатысында тұрған Камару Усман мен Шавкат Рахмонов бір-біріне қарсы жекпе-жекті жыл соңына дейін өткізуі мүмкін. UFC жетекшілері қос файтерге осындай ұсыныспен шыққан деп жазады sportilinet.kz.
Дереккөздің мәліметінше, қазақ спортышысы ұсынысты дереу қабыл алыпты. Нигериялық файтер командасымен бірге ақылдасу үстінде. Келіскен жағдайда жекпе-жек не 16 қарашада, не 23 қарашада өтуі тиіс.
16 қарашада Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында UFC 309 турнирі өтетіні белгілі. Осы салмақтағы әлем чемпионы Белал Мухаммад бұған дейін аталған турнирде титулын қорғағысы келетінін айтқан болатын. Дегенмен, оның бапкері Луис Тэйлор бұған қарсы шығып, Белалдың жекпе-жегін кейінге ысырды.
Шавкат Рахмонов чемпиондық титулға биыл төбелескісі келетінін айтып, Белал Мухаммадты бірнеше рет жекпе-жекке шақырған. Дегенмен, америкалық файтер бұл ұсыныстан бас тартуда.