Алаңда жан тапсырған футболшылар. Жаңа шығарылым!

«Енді сен мықтысың»: Хабиб Нурмагомедов танымал актерге 7 жылдан кейін ғана жауап берді

07.12.2023, 22:07

Иван Янковский қысқа ғана уақытта посткеңестік елдерде танымалдылыққа ие болды

«Енді сен мықтысың»: Хабиб Нурмагомедов танымал актерге 7 жылдан кейін ғана жауап берді
РИА Новости

Ресейлік «Слово пацана» телесериалының жұлдызы Иван Янковскийге (Вова Адидас) даңқты спортшы Хабиб Нурмагомедов тек 7 жылдан кейін ғана жауап берді.

Янковский осыдан жеті жыл бұрын Instagram желісінде Хабибті қолдап мақтау сөздер жазған екен. Хабиб оны осы күнге дейін оқымаған. Ал, «Слово пацана» телесериалы ТМД аумағында күрт танымалдылыққа ие болып, оның басты кейіпкері Вова Адидас жұлдызға айналғанда, Хабиб оған «Енді сен мықтысың» деп қысқа жауап беріпті.

Айта кетейік, Хабиб Нурмагомедов аралас жекпе-жектен әлем чемпионы, UFC дивизионында 29 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен.

Ал, «Слово пацана» телесериалы тоқсаныншы жылдарда Татарстан астанасы Қазанда болған криминалды оқиғалар желісімен түсірілген. Онда жауыздық насихатталады деген белсенділер қазір Ресейде де, Қазақстанда да көрсетілімге шектеу қоюды талап етуде.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам