Оның қарсыласы Жалғас Жұмағұловпен төбелесуден бас тартқан
UFC лигасына жуырда ғана өткен қазақстандық файтер Азат Мақсұм (17-0) келесі жекпе-жегін 4 ақпанда Лас-Вегаста өткізетін болды. Оның қарсыласы – америкалық спортшы Нейт Мэнесс (15-3).
MMA шебері Азат Мақсұм UFC лигасындағы алғашқы кездесуін биіл жазда өткізіп, жеңіске жеткен болатын. Алш, оның қарсыласы 6 жекпе-жек өткізіп үлгерген. Оның төртеуін жеңіп, екеуінде жеңілді.
Айта кету керек, 32 жастағы Нейт Мэнесс былтыр UFC 288 турнирінде қазақ файтері Жалғас Жұмағұловпен кездесуі керек болатын. Алайда, жарақатына байланысты бұл жекпе-жек болмай қалған.
Еске салайық, 16 желтоқсанда тағы бір қазақ файтері Шавкат Рахмонов UFC-дегі кезекті жекпе-жегін өткізеді.