«Бетіме айта алмайды»: Шавкат Рахмонов америкалық файтердің балағатына жауап берді

АҚШ-тағы журналистермен кездесуде Рахмонов сұрақтарға қазақ тілінде жауап берген

Tengrinews.kz
Tengrinews.kz

UFC лигасында өнер көрсететін америкалық файтер Колби Ковингтон бұған дейін қазақ спортшысы Шавкат Рахмонов туралы жағымсыз пікірлер айтқан болатын. Лас-Вегаста өткен баспасөз конференциясында Шавкат америкалықтың бұл мәлімдемесіне жауап берді.

- Колби сұхбатта сен туралы жаман сөзлер айтты. Қазақтар намысты халық және біздің спортшылар трешток қолданбайды. Бірақ, сенің оған жауабың бар ма?

- Иә, Колби Ковингтон көп трешток жасайтын жауынгер. Бірақ, бетпе-бет кездескенде ешнәрсе айта алмайды ол. Адамдардың, камераның қасында сөйлей беруі мүмкін, - деп қысқа қайырды Рахмонов журналистің сауалына.

Еске салайық, Шавкат Рахмонов 17 желтоқсанда (Астана уақытымен - авт.) Лас-Вегаста UFC 296 турнирінде америкалық файтер Стивен Томпсонмен айқасады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам