Бұған дейін британиялық Леон Эдвардс Белал Мухаммадтан жеңіліп қалған
Жартылай орта салмақтағы бұрынғы чемпион октагонға оралады.
Британиялық Леон Эдвардс 22 наурызда Лондонда өтетін UFC Fight Night турнирінде топ жарамын деп отыр.
Шілдеде британиялық жартылай салмақта Белал Мухаммадтан ұтылып, белбеуінен айырылды. Сонан соң арқасындағы жарақатына байланысты үзіліс алды. Сондықтан қазақстандық Шавкат Рахмоновпен UFC 310 турнирінде кездесуі туралы әңгіме де болған жоқ.
Айта кетейік, Шавкат 8 желтоқсанда ирландиялық Иэн Гэрримен төбелеседі. Екеуі басты үміткер атағын сарапқа салады.