Екеуі 8 желтоқсанда жекпе-жек өткізеді
Ирландиялық файтер Иэн Гэрри (15-0) қазақ Шавкат Рахмоновпен (18-0) жекпе-жек алдында басынан өткен қызықты оқиғасымен бөлісті.
Айта кету керек, қос спортшы бұған дейін бір жаттығу залында жұмыс істеген.
«Kill Cliff-ке келгенімде Шавкат та сол жақта жаттығу жасап жүрген. Біз біраз уақыт бірге жұмыс істедік. Менің ойымша, ол қайталанбас спортшы. Генри Хуфт Шавкат екеуі әңгімелескенін айтып еді, сол кезде Шавкат оған былай депті: «Күндердің күнінде ол [Гэрри] чемпион болады. Бірақ алдымен мен чемпион боламын». Содан кейін екеуміздің біріміз жеңілетінімізге өкініш білдірген. Ол менен бұрын чемпион атанып қоймас үшін қолымнан келгеннің бәрін істеймін», — дейді Гэрри.
Айта кетейік, Рахмонов — Гэрри жекпе-жегі Астана уақытымен 8 желтоқсан күні Лас-Вегастағы UFC 310 турнирінде өтеді.