![РЕСМИ. Асу Алмабаевтың келесі қарсыласы белгілі болды](https://1bol.kz/cache/imagine/1200/uploads/news/2025/01/02/6776897245a75248126828.jpeg)
Бұған дейін ол бразилиялық Матеус Николауды жеңген еді
UFC-де өнер көрсететін қазақстандық файтер Асу Алмабаев (21-2) келесі жекпе-жегін аустралиялық Стив Эрцегқа (12-3) қарсы өткізеді. Бұл туралы Dar Pro Team командасы мәлімдеді.
«Ресми. Dar Team Kazakhstan командасының топ-файтері Асу Алмабаевтың наурызда өтетін турнирдегі қарсыласы Аустралия өкілі Стив Эрцег болады. Ол бұрын чемпиондық титулға үміткер болған», - деп жазылған хабарламада.
Аталған жекпе-жек 1 наурызда Лас-Вгеастағы UFC Vegas 103 тунрирі аясында өтеді. Бұған дейінгі кездесуін қазақ файтері былтыр қазан айында бразилиялық Матеус Николауға қарсы өткізіп, төрешілердің шешімімен жеңіске жеткен болатын.