Шавкат бейнеленген ресми UFC мерчін алуға асық

Камару Усман да, Белал Мухаммад та менімен төбелескісі келмейді – Шавкат Рахмонов

26.12.2023, 09:42

Қазақстандық файтер қазір аяғын емдетіп жатыр

Камару Усман да, Белал Мухаммад та менімен төбелескісі келмейді – Шавкат Рахмонов
Чемпионат.ру

UFC линасында өнер көрсетіп жүрген қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (18-0) өзіне келесі қарсыластың кім болатынын әлі таңдаған жоқ. Ол 2024 жылы чемпиондық белбеуді қанжығасына байлауды мақсат етіп отыр.

Бұған дейін спорт сарапшылары Шавкаттың келесі қарсыласы орта салмақтағы экс-чемпион Камару Усман немесе чемпиондыққа үміткер Белал Мухаммад болуы мүмкін дегенді айтқан болатын. Дегенмен, қазақ файтері мұнымен келіспейді.

«Мен үшін Усманмен жекпе-жек қызығырақ. Белал болса төбелеспейді менімен. Жалпы, Усман да менімен жекпе-жекке шығуы екіталай. Сондықтан, мен бұл екеуін де таңдамаймын. Маған титулды жекпе-жек керек. Бәрін уақыт көрсетеді, мен дайындығымды жалғастыра беремін», - деді Рахмонов NAIZA TV YouTube-каналына берген сұхбатында.

Еске салайық, Шавкат Рахмонов 17 желтоқсанда Лас-Вегаста америкалық файтер Стивен Томпсонды екінші раундта қылқындыру әдісімен жеңген болатын. Бұл оның UFC лигасындағы алтыншы жеңісі. Осыдан кейін ол өз салмағында әлемдік рейтингте үшінші орынға көтерілді. Бірінші орында – Камару Усман, екіншіде – Белал Мухаммад.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам