Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Шавкат Рахмонов чемпиондық титулды жеңсе Леон Эдвардспен жекпе-жек өткізуі мүмкін

05.02.2025, 10:26

Шавкат пен Белал арасындағы жекпе-жек мамыр айында өтуі мүмкін

Шавкат Рахмонов чемпиондық титулды жеңсе Леон Эдвардспен жекпе-жек өткізуі мүмкін
Getty Images

UFC-де өнер көрсететін қазақ Шавкат Рахмонов биыл чемпиондық титулға қол жеткізген жағдайда британдық әйгілі файтер Леон Эдвардспен жекпе-жек өткізуі мүмкін.

Эдвардс – әлемнің экс-чемпионы. Бұл титулынан ол Белал Мухаммадпен болған жекпе-жектен соң айрылып қалды. Енді атағын қайтару үшін биыл бар күшін салатынын мәлімдеп отыр деп жазды bjpenn.com сайты.

Британдық файтер 22 наурызда октагонға оралады. Ол аустралиялық Джек Делла Маддаленамен төбелеспек. Жеңген жағдайда Рахмонов – Мухаммад жұбының жеңімпазымен жекпе-жек өткіземін деп сеніммен айтып отыр.

«Маддаленаны жеңгеннен кейін мен титулға төбелесуге мүмкіндік аламын. Ол әлемдік рейтингте төртінші-бесінші орында келеді. Ал, орта салмақта қазір титулға таласатын үміткерлер соншалықты көп емес. Сенің ойымша, Шавкат пен Белал өзара сәуірде немесе мамырда төбелеседі. Ал, одан кейін титулға менен басқа ешкім үміткер болмайды. Мен 22 наурызда жекпе-жек өткізіп, жұртты таң қалдырамын, маған сосын титул үшін мүмкіндік береді», - деді Эдвардс.

Леон Эдвардс пен Белал Мухаммад 2024 жылдың шілдесінде төбелесіп, төрешілер жеңісті Белалға берген болатын. Содан бері чемпиондық титул америкалықта. Ол енді атағын қорғау үшін Шавкат Рахмоновпен жекпе-жек өткізуі тиіс.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам