Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

«Ұлтымыз жойылып барады»: Конор Макгрегор Ирландия билігін қатаң сынады

17.03.2025, 23:57

Ол Ирландия президенті болуға талпынатынын да жасырған жоқ

«Ұлтымыз жойылып барады»: Конор Макгрегор Ирландия билігін қатаң сынады
Brian Lawless/Getty Images

UFC-дің экс-чемпионы ирландиялық Конор Макгрегор өз елінің билігін қатаң сынады. Себеп – Ирландия үкіметінің миграциялық саясаты. Спортшының айтуынша, елге мигранттардың ағылып келуі салдарынан жергілікті ұлттың салты мен дәстүрі жойылып барады.

Мұндай мәлімдемені Макгрегор Вашингтонда Әулие Патрик күнін (Ирландия халқының ұлттық мерекесі – авт.) атап өтуге арналған жиында айтты.

«Біздің үкімет – әрекетсіз үкімет, мүлдем жауапкершілікті сезінбейтін үкімет. Ирландия халқының ақшасы шетелдік проблемаларды шешуге жұмсалып жатыр, ал осы уақытта заңсыз миграция біздің елді құндылықтарынан айыруда», - деді UFC-дің экс-чемпионы.

Айта кетейік, Таяу Шығыстан және Африканың солтүстік елдерінен ағылған миилиондаған мигрант Еуропаның көптеген еліне қоныс аударды. Олардың арасында Ирландия да бар. Еуроодақ басшылары мұны гуманизм десе, жергілікті халықтар мигранттардың көшіне қарсылық білдіріп келеді.

Конор Макгрегор – UFC-дің жартылай жеңіл салмағында әлем чемпионы атанған ирландиялық файтер. 2018 жылы дағыстандық Хабиб Нурмагомедовтен жеңіліп, титулынан айрылды.

Былтыр Макгрегор Ирландия президентінің сайлауына өз кандидатурасын ұсынатынын мәлімдеген болатын.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам