
Бекзат Алмахан Брэд Катонаны 64 секундта нокаутқа жіберді
Канаданың Монреаль қаласында өткен UFC 315 турнирінде Қазақстан өкілі Бекзат Алмахан (12-2) ерекше жетістікке жетті. Ол аралас жекпе-жек тарихында алғаш болып канадалық Брэд Катонаны (14-5) мерзімінен бұрын жеңген спортшы атанды.
Катона кәсіби ММА-да 2014 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Осы уақытқа дейін ол төрт рет жеңіліп көргенімен, барлығы да тек төрешілер шешімімен аяқталған болатын. Ал Бекзат Алмахан небәрі 64 секундта қарсыласын нокаутқа жіберіп, UFC жанкүйерлерін таңғалдырды.
Жекпе-жек жеңіл салмақта өтті және үш раундқа жоспарланған. Алайда алғашқы минутта-ақ аяқталған бұл кездесу Алмаханның кәсіби мансабындағы он екінші жеңісі болды.
Еске сала кетейік, Бекзат UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін 2024 жылдың наурыз айында өткізді. Ол кезде ол ресейлік Умар Нурмагомедовпен (18-1) кездесіп, айқын қарсылас бола білген. Тіпті оны нокаунға жібергенімен, төрешілер шешімімен жеңілген еді.