Белал Мухаммад жеңіліп қалып, Шавкат Рахмонов титулдан қағылды

11.05.2025, 10:40

Австралиялық Джек Делла Маддалена чемпиондық белбеуге ие болды

Белал Мухаммад жеңіліп қалып, Шавкат Рахмонов титулдан қағылды
Видеодан кадр

Канаданың Монреаль қаласында өткен UFC 315 турнирінің басты оқиғаларының бірі – жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеу сарапқа салынды. Бұл салмақта америкалық Белал Мухаммад (24-4) пен австралиялық Джек Делла Маддалена (18-2) кездесіп, бес раундқа созылған жекпе-жек нәтижесінде төрешілердің шешімімен Маддалена жеңіске жетті. Қорытынды есеп: 48-47, 48-47, 49-46. 

Осы жеңісімен австралиялық файтер UFC-дің жартылай орта салмақтағы жаңа чемпионы атанды. Бұл жеңіліс Белал Мухаммад үшін ММА-дегі төртінші сәтсіздік болды.

Аталған салмақтағы рейтингтің екінші сатысында орналасқан, әлі жеңіліп көрмеген қазақстандық Шавкат Рахмонов (19-0) бұған дейін дәл осы чемпиондық белбеу үшін басты үміткер саналған болатын. Алайда жарақатына байланысты Рахмонов титулдық айқасты кейінге шегеруге мәжбүр болды. UFC жанкүйерлері оның октагонға қашан қайта оралатынын тағатсыздана күтуде.

Осы тұста UFC президенті Дана Уайт тағы бір тосын жаңалықпен бөлісті. Оның айтуынша, жеңіл салмақтағы қазіргі чемпион Ислам Махачев жартылай орта салмаққа көтеріліп, жаңа чемпион Маддаленаға қарсы жекпе-жек өткізбек. Бұл жаңалық UFC жанкүйерлері арасында қызу талқыланып жатыр.

Махачевтің жартылай орта салмаққа өтуі Шавкат Рахмоновтың титулдық айқасқа жолын тағы да кейінге шегеруі мүмкін. Алайда қатарынан 19 жеңіске жеткен мінсіз рекорды «Номадты» бұл дивизиондағы ең қауіпті және басты үміткерлердің бірі ретінде ұстап тұр.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам