«Ерте ме, кеш пе…». Рахмонов Маддаленаны жеңісімен құттықтады

11.05.2025, 20:25

Отандасымыз өзінің мықты қарсылас екенін ескертті

«Ерте ме, кеш пе…». Рахмонов Маддаленаны жеңісімен құттықтады
әлеуметтік желі

Канаданың Монреаль қаласында өткен UFC 315 турнирінде жартылай орта салмақта жаңа чемпион анықталды.

Австралиялық Джек Делла Маддалена (18-2) америкалық Белал Мухаммадты (24-4) төрешілер шешімімен жеңу арқылы чемпиондық атаққа қол жеткізді. Осыдан соң қазақстандық Шавкат Рахмонов Маддаленаны жеңісімен құттықтады. 

«Құттықтаймын, Джек Делла Маддалена! Ұзақ үзіліс пен жарақаттан кейін тамаша өнер көрсеттің. Өзің білесің, мен жартылай орта салмақтағы нағыз сынақпын. Ерте ме, кеш пе – менің уақытым келеді!» - деді Рахмонов.

Айта кетейік, Маддалена титулдық жекпе-жекке Шавкаттың жарақатына байланысты ие болды. Бастапқыда Джек 22 наурыз күні Лондондағы UFC Fight Night турнирінде экс-чемпион Леон Эдвардспен жекпе-жек өткізбек болған.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам