Реваншқа дайын: Асу Алмабаев Өзбекстандық файтермен жұдырықтасады

Бүгін, 10:30

Жекпе-жек 26 шілде күні Абу-Дабиде өтетін UFC on ABC 9 турнирі аясында ұйымдастырылады

Реваншқа дайын: Асу Алмабаев Өзбекстандық файтермен жұдырықтасады
©Brave

Қазақстандық UFC жекпе-жек шебері Асу Алмабаевтың жаттықтырушысы Эдуард Базров шәкірті мен Өзбекстан спортшысы Рамазан Темиров арасындағы алдағы кездесуге қатысты дайындығы жайлы пікір білдірді.

Бұл жекпе-жек 26 шілде күні Абу-Дабиде өтетін UFC on ABC 9 турнирі аясында ұйымдастырылады. Асу үшін бұл кездесу – наурыз айында Мане́л Капеде кеткен есесін қайтаруға берілген маңызды мүмкіндік.

«Біз дайындық кезінде біраз өзгеріс енгіздік. Әрине, барлық тактикалық жоспарды ашып айтпаймыз. Бірақ Капе жекпе-жегіндегідей қателікке қайта жол бермейміз. Қарсыластың стиліне бейімделіп, ашық айқасқа бару — енді біздің тактикамыз емес. Бұл жолы өзіміздің мықты тұстарымызға сүйеніп, тиімді тәсілдерді қолданамыз», — деді Базров Naiza TV эфирінде.

Айта кетейік, Асу Алмабаев UFC-дегі бұл жекпе-жекте өз әлеуетін толық көрсетіп, жаңа жеңістерге жол ашуды көздеп отыр.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам