ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

Бекзат Алмаханның қанша сыйақы алғаны белгілі болды

64 секундта қарсыласын нокаутқа түсірген Бекзат UFC 315 турнирінде ең төмен сыйақы алды

Getty Images
Getty Images

Қазақстандық Бекзат Алмахан Канаданың Монреаль қаласында өткен UFC-дегі екінші жекпе-жегінде қарсыласын нокаутқа түсіріп, екі миллион теңгеге жуық (4 мың АҚШ доллары) сыйақы алды.

Бұл жекпе-жекте ММА спортшысы Бекзат Алмахан америкалық промоушендегі отандастарымыз арасында ең жылдам нокаутты тіркеді. Ол Брэд Катонаны (14-5) небәрі 64 секундта жеңіп шықты.

Соған қарамастан Бекзат UFC 315 турнирінде ең төмен сыйақы алды. MMAJunkie басылымының мәліметінше, оның сыйақысы небәрі 4 мың долларды құраса, қарсыласы Брэд Катона 6 мың доллар алған.

UFC 315 турниріне қатысушылардың сыйақысы:

Джек Делла Маддалена – 32 000 доллар

Белал Мухаммад – 42 000 доллар

Валентина Шевченко – 42 000 доллар

Манон Фьоро – 32 000 доллар

Айман Захаби – 6 000 доллар

Жозе Альдо – 21 000 доллар

Наталия Силва – 6 000 доллар

Алекса Грассо – 11 000 доллар

Бенуа Сен-Дени – 6 000 доллар

Кайл Преполека – 4 000 доллар

Майк Маллотт – 6 000 доллар

Чарли Радтке – 4 500 доллар

Жасмин Жасудавичус – 6 000 доллар

Джессика Андраде – 21 000 доллар

Модестас Букаускас – 6 000 доллар

Ион Кутелаба – 16 000 доллар

Навахо Стерлинг – 4 000 доллар

Иван Эрслан – 4 000 доллар

Марк-Андре Баррио – 11 000 доллар

Бруно Силва – 11 000 доллар

Даниэл Сантос – 4 500 доллар

Чон Ен Ли – 4 500 доллар

Бекзат Алмахан – 4 000 доллар.

Осылайша, Бекзат кәсіби мансабындағы 12-жеңісіне қол жеткізді. UFC-дегі рекорды: 1 жеңіс, 1 жеңіліс. Ол 2024 жылдың наурызында алғаш рет UFC-де өнер көрсетіп, ресейлік Умар Нурмагомедовтен төрешілер шешімімен жеңілген. Дегенмен сол жекпе-жектің бірінші раундында Умарды нокдаунға жібергені көпшіліктің есінде.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам