Мұхит пен Ануарбек студияда төбелесті! Жаңа шығарылым!

Шавкат Рахмонов Белал Мухаммадпен кездесуі мүмкін

26.05.2025, 10:43

Екеуара кездесу былтыр желтоқсанда өтуі керек еді

Шавкат Рахмонов Белал Мухаммадпен кездесуі мүмкін
Әлеуметтік желі

UFC-дегі қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов жақын арада бұрынғы қарсыласымен жекпе-жек өткізуі мүмкін.

Мамырдың басында америкалық Белал Мухаммад UFC 315 турнирінде австралиялық Джек Делла Маддаленадан жеңілген соң, чемпиондық белдікке ресейлік Ислам Махачев таласатыны белгілі болды.

Комментатор Джон Эниктің болжамынша, енді Шавкат пен Белал негізгі үміткер атағын қайта сарапқа салуы мүмкін.

«Белал Мухаммад жартылай орта салмақта UFC титулын қайтарып қалса, қуанушы едім, бірақ Шавкат Рахмоновтың қазан айында оған не ұсынатынын көру керек. Белал мен Шавкат қазан айында жекпе-жек өткізеді, сіздерге шұғыл жаңалық осы», – деді UFC комментаторы Джон Эник.

Негізі екеуара кездесу былтыр желтоқсанда өтуі керек еді, бірақ Белал жарақат алып қалып, жекпе-жекке шыға алмады. Оның орнын ирландиялық Иэн Гэрри басқан болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам