Мұхит пен Ануарбек студияда төбелесті! Жаңа шығарылым!

Генри Сехудо қазақстандық балаға UFC белдігін сыйлады

28.05.2025, 11:21

Америкалық спортшы көпшіліктің сүйіспеншілігіне бөленді

Генри Сехудо қазақстандық балаға UFC белдігін сыйлады
Видеодан кадр

Еркін күрестен Бейжің Олимпиадасының жеңімпазы, UFC чемпионы Генри Сехудо (АҚШ) кеше Астанада грэпплинг ережесі бойынша өткен жекпе-жекте қазақстандық спортшы Қайрат Ахметовтен (27-2) басым түсті. Америкалық спортшы бұл жолы 8:5 есебімен жеңіске жетті.

Айтулы кездесуден соң Генри Сехудо октагонда ерекше қадамға барды. Ол өзінің белдігін қазақстандық балақайға тарту етіп, көпшіліктің сүйіспеншілігіне бөленді.

Белгілі болған жайт бойынша, Генри балақайға UFC белбеуін берген. Желіде жария болған бейнежазбаға көпшілік түрлі пікір білдіріп, АҚШ өкілінің бұл әрекетін жоғары бағалаған.

«Керемет! Қаншама ақшаны бере салғандай», «Шынымен де жомарт адам екен», «Шавкатты шақырып, соған сыйлағанда тамаша болар еді», «Сен үлкен жүректі адамсың», «Қазақстанға келген алғашқы белбеу» деген сыңайда пікір жазып қалдырды.

Естеріңізде болса, бұған дейін Генри Сехудо Қазақстанның ең үздік ММА жекпе-жекшілерінің бірі, Alash Pride лигасының чемпионы Қайрат Ахметовпен октагонға шығатыны айтылған еді. Бұл жекпе-жек Alash Pride тарихындағы ең маңызды кездесулердің бірі болып отыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам