
Веретенников төрешілердің басым дауысымен жеңіске жетті
Қазақстандық UFC файтері Николай Веретенников өзінің промоушендегі алғашқы жеңісі үшін қанша табыс тапқаны белгілі болды.
20 шілде күні Николай Веретенников АҚШ-тың Жаңа Орлеан қаласында өткен UFC 318 турнирінде өнер көрсетіп, жартылай орта салмақта аргентиналық Франсиско Прадомен жекпе-жек өткізді. Тартысты өткен кездесуде Веретенников төрешілердің басым дауысымен жеңіске жетті.
Sporty Salaries порталының мәліметінше, бұл жекпе-жек үшін Николай 24 мың доллар көлемінде кепілдендірілген ақы алған, жеңісі үшін де тағы 24 мың доллар төленген. Сонымен қатар оған 4 мың доллар көлемінде демеушілік төлемдер де берілген. Жалпы алғанда, спортшының табысы 52 мың долларды (шамамен 28 миллион теңге) құраған.
Ал оның қарсыласы Франсиско Прадо 30 мың доллар кепілдендірілген сыйақы және 4,5 мың доллар демеушілік төлем алған.\
Айта кетейік, бұл жекпе-жек Николай Веретенниковтың UFC-дегі үшінші кездесуі болды. Бұған дейінгі екі жекпе-жекте ол төрешілер шешімімен және техникалық нокаутпен жеңілген болатын.