Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

MMA бапкерін ұрлады деп қамалған «Хутор басшысының» ісі сотқа жетті

24.07.2025, 12:27

Алайда тергеу деректері әзірге ҚПК-нің 201-бабына байланысты жарияланбай отыр.

MMA бапкерін ұрлады деп қамалған «Хутор басшысының» ісі сотқа жетті
Хасан Қасымбаевтың Instagram-парақшасынан

Талғардағы Шерзат Болаттың өлімінен кейін тұрғындар ауданда «Хуторлықтар» деген атаумен құрылған қылмыстық топтың бар екенін, оны Хасан Қасымбаев есімді азаматтың басқаратынын жарыса жазған болатын. Тексеру жүргізген полицейлер қылмыстық топты таппаса да, басқа іс бойынша Қасымбаевты тергеу абақтысына қамаған еді. 2025 жылғы 21 шілдеде бұл іс айыптау актісімен бірге прокуратураға түскен. 

Қазір іс Қылмыстық-процестік кодекстің 302-бабына сәйкес процессуалдық шешімнің заңдылығы тұрғысынан тексерілуде.

Алайда тергеу деректері әзірге ҚПК-нің 201-бабына байланысты жарияланбай отыр.

Айта кетейік, 2024 жылдың қарашасында Хасан Касымбаев MMA жаттықтырушысы Арман Әлімовті ұрлап, соққыға жыққан деген күдікпен қамауға алынған еді.

 Оқиға 2021 жылы болып, көшедегі бейнебақылау камерасына жазылып қалған. Онда бір топ ер адамның Әлімовті ұстап алып, соққыға жыққанын аңғаруға болады. Кейін олар жәбірленушіні көлікке тиеп алып кетеді.

Спортшының туыстары хабарлағандай, қаскөйлер Арман Әлімовті канал маңына апарып, тағы да тепкілеген. Ол осыдан кейін жансақтау бөлімінен бір-ақ шығыпты.

Арман Әлімовке жасалған қастандықты Хасан Қасымбаев ұйымдастырғанын жәбірленушінің туыстары бұған дейін де бірнеше рет айтқан екен. Алайда, үш жылдан астам уақыт «үнсіз жатқан» өңірдің полицейлері бұл арызға енді құлақ асып, күдіктіні қамауға алды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 8
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам