Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

«Жауынгерлік мінез бар».Шавкат Рахмоновтың күйеу баласы қайын ағасын мақтады

31.08.2025, 09:36
«Жауынгерлік мінез бар».Шавкат Рахмоновтың күйеу баласы қайын ағасын мақтады
©instagram.com/orynbassarov_team

Шавкат Рахмоновтың күйеу баласы, джиу-джитсудан қара белбеу иегері Нұрсұлтан Орынбасаров даңқты спортшының артықшылығын атады.

«Шавкаттың бойында ең алдымен жауынгерлік мінез бар. Ол соңына дейін күреседі, әдістерін жасай біледі. Оның артында Dar Team деген үлкен команда тұр. Шавкат, Асудан бөлек тағы қанша спортшыларға қолдау көрсетіп жатыр. Үлкен жетістіктерге сол ұжымның, бас бапкер Эдуард Базровтың қосып жатқаны үлесі зор. Бас бапкер жаттығу процесін реттейді, арнайы тактика құрады. Оның үстіне аралас жекпе-жектегі спортшылардың басым бөлігі жарақатпен шығады, тіпті жаттығу кезінде жарақат алып қалып жатамыз. Бірақ жекпе-жектен бас тарта алмайсың. Азат Мақсұмның өзі тізесіндегі ауыр жарақатымен шықты», - деді ол Sport+Qazaqstan арнасына берген сұхбатында.

Айта кетейік,қазір Сора Төтенше жағдайлар министрлігі құтқарушылар қатарында қызмет етеді, жақында оған лейтенант атағы берілді.

Естеріңізге сала кетейік, Сора – UFC-де өнер көрсететін қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың туған қарындасы. Ал Орынбасаров – Алматы облыстық мәслихатының депутаты, Қазақстан Республикасының джиу-джитсудан спорт шебері, «Sagadat batyr QTT» клубының бас бапкері.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам