
Дәл сол күні Дональд Трамп 80 жылдық мерейтойын атап өтпек
АҚШ-тың 47-ші президенті Дональд Трамп аралас жекпе-жек ұйымы UFC турнирі Ақ үйдің аумағында өтетін күнді ресми түрде хабарлады.
«Келесі жылы 14 маусымда Ақ үй аумағында үлкен UFC жекпе-жегі өтеді», — деді Трамп АҚШ Әскери-теңіз күштеріне арналған парад кезінде сөйлеген сөзінде.
Айта кетсек, дәл сол күні Дональд Трамп 80 жылдық мерейтойын атап өтпек. Бұл ерекше шараға қатысуға ниет білдірген танымал жауынгерлер қатарында ирландиялық Конор Макгрегор, америкалық Джон Джонс, грузин Мераб Двалишвили, испан-грузин Илия Топурия, сондай-ақ шешен текті файтер Хамзат Чимаев және басқа да UFC жұлдыздары бар.
Турнирдің ұйымдастырылуын UFC президенті Дана Уайт жеке қадағалап отыр. Оның айтуынша, қазір лига қызметкерлері логистика мәселелерін шешу үстінде, ал жекпе-жек картасын құрастыру жұмыстары 2026 жылдың ақпан айында басталмақ.