ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

Шавкат Рахмонов UFC P4P рейтингінен шығып қалды

Рахмоновтың есімі үздіктер тізімінен алынып тасталды

әлеуметтік желі
әлеуметтік желі

UFC жаңартылған pound-for-pound (P4P) рейтингін жариялады. Алайда бұл жолы қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың есімі үздіктер тізімінен алынып тасталды.

Еске салсақ, Рахмонов алғаш рет 19 тамызда UFC-дің ең үздік 15 файтері қатарына енген еді. Сол кезде ол бұрынғы жеңіл салмақ чемпионы Чарльз Оливейраны рейтингтен ығыстырған болатын. Бірақ жаңа жаңартылған тізімде Оливейра қайта оралып, Шавкатты ығыстырды.

Қазіргі таңда «Номад» жарақатынан сауығып жатыр. Сарапшылардың айтуынша, ол 2026 жылдың басында октагонға оралуы мүмкін. Келесі жекпе-жек Рахмонов үшін шешуші сынақ болмақ — жеңіс оған P4P рейтингіндегі орнын қайта қайтаруға мүмкіндік береді.

Еске салайық, Шавкат Рахмоновтың кәсіби рекорды - 18 жеңіс және бірде-бір жеңіліс жоқ.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам