Алаңда жан тапсырған футболшылар. Жаңа шығарылым!

Қазақстандық тағы бір файтер UFC-мен келісімшарт жасасты

31.01.2024, 10:44

Ол MMA-дағы ең үздік нокаут иесі

Қазақстандық тағы бір файтер UFC-мен келісімшарт жасасты
prosports.kz

Аралас жекпе-жектен қазақстандық 26 жастағы файтер Бекзат Алмахан жеңіл салмақта UFC лигасында өнер көрсететін болады. Жақын күндері оның қарсыласы мен жекпе-жек уақыты белгілі болады.

Бекзат OCTAGON лигасында барлық жекпе-жегін нокаутпен жеңген спортшы. Ол MMA-да барлығы 17 кездесу өткізіп, оның тек біреуінде ғана жеңілген. 

OCTAGON 52 турнирінде Бекзат бразилиялық қарсыласы Ян Ферразды раунд аяқталуға 2 секунд қалғанда нокаутпен жеңді. Ал, былтыр шілдеде OCTAGON 47 турнирінде өзге бразилиялық Матэус Глориамен төбелесіп, 2023 жылдың ең үздік нокаутын тіркеді. Алайда, сол жекпе-жекте өзі де бір рет нокдаунда болып шықты.

«Бекзат OCTAGON лигасында өте қызықты жекпе-жектер өткізіп, MMA әлеміндегі ең мықты файтерлердің бірі болды. Ол өте мықты қарсыластарын жеңіп, OCTAGON тарихына ең талантты спортшы ретінде атын жазып қалдырды.

Соңғы 9 айда біз OCTAGON-да өнер көрсеткен екінші файтермен келісім жасастық, сол үшін қуаныштымыз. Демек, OCTAGON Орта Азия файтерлері үшін әлемдік лигаға шығатын таптырмас алаңға айналды», - делінген UFC өкілдері таратқан хабарламада.

Айта кету керек, Бекзат Алматыдағы Triumph Fights залында Азат Мақсұммен (17-0) бірге жаттығады. Азат осы OCTAGON лигасынан UFC-ге тікелей өткен алғашқы файтер. Ол 4 ақпанда АҚШ-та Чарльз Джонсонмен жекпе-жек өткізеді.

UFC 297 турниріне орай FONBET «Тәуекелсіз бәс» арнайы акциясын іске қосты! Турнир матчтарынан кемі 3.00 коэффицент болатын экспресс жинаңыз – жеңілген жағдайда тіккен ақшаңыз толығымен сіздің бонустың шотыңызға түседі. Тәуекелсіз бәс тігіп, шотты алғашқы толтырғанға 200 мың теңгеге дейін бонус алыңыз – FONBET сайты және қосымшасында 1bol промокодымен тіркеліңіз!

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам