Ерсін Ерік «Реалды» қор қылды. Тауық сойса да қасап сойсын. Саусақ пен тіл үйлескенде…

Абу-Даби Гранд Слэмі: Қазақстан балуандары жалғыз қоланы қанағат тұтты

30.11.2025, 16:10

Шархан Нұрлыхан алғашқы айналымда Сербия спортшысына жол берді

Абу-Даби Гранд Слэмі: Қазақстан балуандары жалғыз қоланы қанағат тұтты
ҰОК

Абу-Дабиде дзюдодан жатқан Гранд Слэм бәсекесінің соңғы жарыс күнінде татамиге шыққан қазақстандық балуандар жаппай жеңілді.

90 келіде Ермахан Әнуарбек бірінші белдесуінде әзірбайжандық Аслан Коцоевті жеңгенімен, 1/8 финалда сербиялық Ислам Согеновтен айласын асыра алмады.

-100 келіде Шархан Нұрлыхан алғашқы айналымда Сербия спортшысына жол берсе, Марат Байкамуров нидерландтық Симеон Катхаринаға жол берді. Ал аса ауыр салмақта Еламан Ерғалиев бірінші белдесуінде бахрейндік Азамат Чочаевтан осал болып шықты.

Айта кететін жайт, Абу-Даби Гранд Слэмінде әйелдер арасында Абиба Әбужақынова (48 кг) ғана қола жүлдеге қол жеткізді. Қалған спортшылар іріктеу бәсекелерінде сүрініп, турнир жүлдесінен тыс қалды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулану 1
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам