ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

Софья Берульцева әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Отандасымыз финалда германиялық каратэшіге есе жіберді

ҰОК
ҰОК

Қазақстандық каратэші Софья Берульцева Каирде (Мысыр) өтіп жатқан әлем чемпионатында күміс медальға ие болды.

68 келіден жоғары салмақтың финалында Берульцева Германия спортшысы Йоханна Кнермен кездесті. Шешуші кезеңнің қорытындысы бойынша германиялық каратэші жеңіп, Софья жарысты күміс медальмен аяқтады.

Айта кетейік, сондай-ақ Дидар Әмірәлі (67 келіге дейін) мен Әсел Қанай (61 келіге дейін) да жүлдеге ие болды. Олар жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам