Дзюдошы биыл Астанада өткен Гранд Слэм бәсекесінде күміс жүлдеге ие болды
Париж Олимпидасының күміс жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев «Jenys» клубының ерлер командасына капитан болып тағайындалды.
Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады. Балуан клуб ашылғалы бері қатарында күресіп келеді. Елімізде алғаш құрылған кәсіпқой дзюдо клубының президенті Париж Олимпиадасынан кейін клуб мүшелерін марапаттағанда Қырғызбаевқа айтулы жүлдесі үшін 15 млн теңге табыстаған еді.
Ғұсман Қырғызбаев Олимпиададан бөлек, әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Ол Азия біріншлігінде екі мәрте қола жүлде иеленсе, Гранд Слам және Гран При турнирлерінде онға жуық медальға қол жеткізген.
Айта кететін жайт, Ғұсман Қырғызбаев биыл Астанада өткен Гранд Слэм бәсекесінде күміс жүлдеге ие болды. Ал әлем біріншілігінде 7-ші орынға тұрақтаса, жақында Абу-Дабиде өткен Гранд Слэм турнирінде жүлдесіз қалды.