Ерсін Ерік «Реалды» қор қылды. Тауық сойса да қасап сойсын. Саусақ пен тіл үйлескенде…

Геннадий Головкин Алматы әкімімен кездесу өткізді

12.12.2025, 13:17

ҰОК басшысы жаттығуға қолайлы жағдай жасау мәселесін талқылады

Геннадий Головкин Алматы әкімімен кездесу өткізді
ҰОК

Алматы қаласында Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин мен қала әкімі Дархан Сатыбалдының жұмыс кездесуі өтті.

Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың мүмкін бағыттарын, сондай-ақ қаланың спорттық инфрақұрылымының қазіргі жағдайын талқылады.

Сонымен қатар жаттығу үдерісіне қолайлы жағдай жасау мәселелері де сөз болды. Геннадий Головкин мен Дархан Сатыбалды бірлескен бастамалардың маңыздылығына ерекше назар аударды.

Тараптар ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған алдағы қадамдар жөнінде пікір алмасты. Сондай-ақ Алматы қаласының ірі спорттық жобаларды жүзеге асырудағы әлеуеті жоғары екені атап өтілді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам