Ерсін Ерік «Реалды» қор қылды. Тауық сойса да қасап сойсын. Саусақ пен тіл үйлескенде…

Патруль қызметкерлеріне күш қолданған Дәулет Шабанбай үш жылға сотталды

15.12.2025, 14:11

Тек кешірім сұрағым келеді. Жігіттер, ренжімеңдер

Патруль қызметкерлеріне күш қолданған Дәулет Шабанбай үш жылға сотталды
Фото: olympic.kz

Павлодар қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында қазақстандық еркін күрес балуаны, Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Дәулет Шабанбайға қатысты үкім шықты.

Спортшы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 380-бабы 4-бөлігі 1-тармағы – «Екі немесе одан да көп билік өкілдеріне күш қолдану» бойынша айыпталған.

15 желтоқсанда сот Даулет Шабанбайды кінәлі деп танып, оны орташа қауіпсіздік деңгейіндегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде үш жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.

Айыптау нұсқасына сәйкес, биыл қыркүйек айында Шабанбай қаладағы дәмханалардың бірінің маңында Ұлттық ұланның үш әскери қызметкерінен құралған патруль тарапынан тоқтатылған. Бұған ер адамның мас күйде шу шығарып, өзін агрессивті ұстағаны жөніндегі шағым себеп болған. Қақтығыс кезінде спортшы патруль қызметкерлерін балағаттап, кейін оларға күш қолданған: бірін итеріп жіберген, екіншісін иығынан итеріп, бетіне жұдырықпен ұрған, үшіншісінің көзіне соққы жасаған. Осыдан кейін ол ұсталып, қолына кісен салынған.

Сот жарыссөзінде мемлекеттік айыптаушы сотталушының әрекеттері билік өкілдеріне қарсы бағытталғанын және олардың қызметтік міндеттерін атқаруына кедергі келтіргенін атап өтті. Сонымен қатар спортшының физикалық басымдығы ескеріліп, прокуратура оған төрт жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған.

Қорғау тарапы, керісінше, бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза тағайындауды өтінді. Адвокат Шабанбайдың халықаралық аренада Қазақстан атынан өнер көрсеткен танымал спортшы екенін, отбасы, тұрақты жұмысы және оң мінездемелері барын айтты. Қорғау пікірінше, оқиға алдын ала жоспарланбаған және ауыр салдарға әкелмеген, кенеттен туындаған эмоциялық жанжал нәтижесінде болған.

Дәулет Шабанбай кінәсін толық мойындап, жарыссөзде сөз сөйлеуден бас тартып, жәбірленушілерге қысқаша үндеу жасады:

«Тек кешірім сұрағым келеді. Жігіттер, ренжімеңдер».

Айта кетейік, Дәулет Шабанбай спорттық мансабын бес жыл бұрын аяқтаған. Ол 2012 жылы Лондондағы Олимпиада ойындарында бесінші орын алған, ал 2022 жылы допингке байланысты екі жүлдегердің дисквалификациясынан кейін қола медальға ие болды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам