Алғашқы жекпе-жегін мамырда өткізуі мүмкін.
Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы Абдулрашид Садулаев америкалық күрес лигасымен келісімшартқа қол қойды.
Еркін күрестің танымал өкілі АҚШ-тың Real American Freestyle (RAF) ұйымымен келісімшарт жасасқаны мәлім болып отыр.
Бұл туралы журналист Ариэль Хельвани X әлеуметтік желісінде хабарлады. Оның мәліметінше, ресейлік балуан алғашқы жекпе-жегін мамыр айында өткізуі мүмкін.
29 жастағы Абдулрашид Садулаев соңғы рет 2024 жылдың соңында әлем чемпионатында топ жарған еді. Ол Рио және Токио Олимпиадаларының (86, 97 кг) чемпионы, әлем біріншіліктерінің 6, Еуропа чемпионатының 4 мәрте жеңімпазы.
Айта кететін жайт, 2024 жылдан бері Абдулрашид Садулаевтың халықаралық жарыстарға қатысуы мәселеге айналып келеді. Мәселен, 2024 жылдың ақпан айында Румынияда өткен Еуропа чемпионатына барған сәтте кеденнен жіберілмесе, сол жылдың сәуір айында ХОК тарапынан олимпиадалық іріктеу турниріне қатысуға шектеу қойылды.
Ал 2025 жылы оған Словакияда өткен Еуропа чемпионатына және күзде Хорватияда өткен әлем біріншілігіне қатысу үшін виза берілмей, амалсыз аталған жарыстардан тыс қалды.