Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

«Мені бағаламайтын жерден кетемін»: Сабина Алтынбекова ренішін айтты

22.01.2026, 15:49

Оның айтуынша, емдеу үдерісі экологиялық таза әрі ағзаға зиянсыз әдістер арқылы жүргізілген.

«Мені бағаламайтын жерден кетемін»: Сабина Алтынбекова ренішін айтты
Фото: instagram.com/altynbekova_20

Қазақстандық танымал волейболшы Сабина Алтынбекова әлеуметтік желіде жаңа фотосессиясынан кадрлар жариялап, өзінің өмірлік ұстанымдары жайлы ой бөлісті.

29 жастағы спортшы Instagram парақшасында қара-ақ түсті қатаң стильдегі образда түскен суреттерін бөлісіп, жазбасын терең философиялық ойлармен толықтырды.

«Бәрі мен қалағандай болады – бұл ханымға тән керемет ұстаным. Бұл қыңырлық емес, бұл — ішкі жауапкершілік. Яғни, өміріңізге нені кіргізесіз, немен келісесіз, сізбен кім және қандай тонда сөйлесе алады, құндылықтарыңыз бен мақсаттарыңыз қандай – осының бәрі «қалаймын» деген сөздің шынайы мағынасы», – деп жазды волейболшы.

Сондай-ақ ол бұл ойлардың тек сөз жүзінде қалмай, нақты әрекетке ұласуы маңызды екенін атап өтті.

Stories бөлімінде Сабина Алтынбекова бұрын өзін мәжбүрлеп, бәрін соңына дейін жеткізуге тырысқанын, ал қазір өз сезіміне құлақ асатынын айтты.

«Қазір мен өзімді бағаламайтын, әділетсіздік бар және ішіме жайсыз әсер қалдыратын ортадан кетемін. Мен тапқан ең үлкен олжа – өзімді шынайы әрі сау күйде сүю. Өмірімдегі барлық кезеңдер мен сабақтар үшін Жаратқанға шүкір айтамын. Кейбірі ауыр болды, бірақ өте қажет еді», – деп жазды спортшы.

Айта кетейік, 2026 жылдың 19 қаңтарында Сабина Алтынбекова Instagram желісінде жаңа фотосуреттерін жариялап, жеке шекарасын нақты белгілеген болатын.

Сонымен қатар, волейболшы кәсіби спорттағы денсаулық пен эмоционалдық тұрақтылықтың маңыздылығына да тоқталды. Оның айтуынша, жоғары жетістікке жету тек жаттығу мен тәртіпке ғана емес, ішкі күй мен ағзаның жағдайына тікелей байланысты.

«Кәсіби спортта денсаулықты бақылау – ең басты міндет. Тәртіп, еңбек және өз ағзаңа мұқият қарау – табысқа жетелейтін жол», – дейді ол.

Сабина соңғы бір жыл бойы клиникада тұрақты тексеруден өтіп жүргенін де жасырмады. Осы уақыт ішінде ағзадағы барлық қажетті көрсеткіштер қалыпқа келіп, жалпы жағдайы айтарлықтай жақсарған.

«Энергиям артты, көңіл күйім түзелді. Ең бастысы – бұрын жиі мазалаған бас ауруы мен мигрень қайта болмады», – деп атап өтті спортшы.

Оның айтуынша, емдеу үдерісі экологиялық таза әрі ағзаға зиянсыз әдістер арқылы жүргізілген.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам