Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Ресей дзюдошысы IJF нұсқасы бойынша үздік спортшы атанды

09.02.2026, 15:35

Бұл атаққа француз және жапон спортшылары да үмітті болған. 

Ресей дзюдошысы IJF нұсқасы бойынша үздік спортшы атанды
Naoki Nishimura / AFLO / Global Look Press

Ресейлік дзюдошы Тимур Арбузов Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) «Жыл спортшысы» номинациясы бойынша үздік деп танылды. Бұл туралы Парижде өткен Гранд Слэм турнирінде мәлім болды.

Арбузовпен бірге аталған сыйлыққа француз спортшысы Жоан-Бенжамен Габа мен жапониялық дзюдошы Санширо Мурао да үміткер болған. Алайда 21 жастағы Тимур Арбузов былтыр Будапешт қаласында өткен әлем чемпионатында және Подгорицада ұйымдастырылған Еуропа чемпионатында алтын медаль жеңіп алғаны үшін аталған марапатқа лайық деп танылды.

Айта кететін жайт, IJF олимпиадалық спорт түрлері федерацияларының ішінде алғашқылардың бірі болып ресейлік спортшыларға халықаралық жарыстарға ұлттық туы мен әнұранын пайдалана отырып қатысуға рұқсат берген болатын.

Өткен жылы аталған марапатқа Олимпиада чемпионы Елдос Сметов үміткен атанған. Бірақ 2024 жылдың қорытындысы бойынша бұл сыйлық әзірбайжандық дзюдошы Хейдаят Гейдаровқа берілді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам