Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Қазақстан дзюдошылары Ташкент Гранд Слэмінде белдеседі

09.02.2026, 15:49

Аламанға 12 балуан қатысады. 

Қазақстан дзюдошылары Ташкент Гранд Слэмінде белдеседі
ҚР ҰОК

Қазақстан дзюдошылары ақпан айының соңында Ташкентте басталатын Гранд Слэм бәсекесінде сынға түседі. 27 ақпан мен 1 наурыз күндері аралығында өтетін дәстүрлі турнирге қатысатын балуандар тізімін Халықаралық дзюдо федерациясы жариялады.

Бұл бәсекеге Қазақстан ерлер құрамасынан 12 балуан татамиге шығады деп күтіліп отыр. Жалпы, бәсекеге 31 елден 268 спортшы қатыспақ.

Қазақстан құрамасының балуандары:

60 кг: Мағжан Шамшадин, Талғат Орынбасар
66 кг: Ақылжан Жұбатқанов, Нұрқанат Серікбаев
73 кг: Аңсарбек Ғайнулин, Әнуар Жұмагелдин
81 кг: Мәди Амангелді, Асқар Нарқұлов
-100 кг: Бағжан Байтас, Бейбіт Мәдиев
+100 кг: Ерасыл Қажыбаев, Еламан Ерғалиев.

Қазақстан дзюдошылары 7-8 ақпан күндері Парижде өткен Гранд Слэм бәсекесінде 3 қола медаль иеленген болатын. Олардың арасында Аман Бақытжан (60 кг), Абылайхан Жұбаназар (81 кг) және Шархан Нұрлыхан (-100 кг) маңызды турнирдің жүлдесіне қол жеткізді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам