Жарыс 8 наурызға дейін жалғасады.
Аустрияның Линц қаласында бүгін бастаған Гран-приінде Ғұсман Қырғызбаев пен Абиба Әбужақынова жүлдесіз қалды.
Аталған турнирде 60 келіде күрестен Шерзод Давлатов қола жүлдеге ие болды. Ол шешуші белдесуде тағы бір қазақстандық Аман Бақытжаннан басым түсті.
66 келіде Ғұсман Қырғызбаев үшінші орын үшін күресте испан балуанына есе жіберіп, жарысты бесінші орынмен аяқтауға мәжбүр болды. Ол бүгінгі сында жартылай финалға дейін жеткен еді.
Сондай-ақ, 48 келіде әлем біріншілігінің үш дүркін жүлдегер Абиба Әбужақынова Нидерланд өкіліне қарсы күресте кемшін түсіп, жүлдеге қол жеткізе алмады.
Айта кетейік, Линц турниріне әлемнің 59 елінен 479 дзюдошы қатысып жатыр. Жарыс 8 наурызға дейін созылады.