Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Италиялық Олимпиада чемпионы татамиге қайта оралды

07.03.2026, 16:12

Ол іріктеуде қазақстандық Есет Қуановтан басым түсті

Италиялық Олимпиада чемпионы татамиге қайта оралды
Getty sport

Дзюдодан Рио Олимпиадасының чемпионы Фабио Базиле ұзақ уақытқа созылған үзілістен кейін татамиге қайта оралды.

73 келіде белдесетін спортшы Аустрияның Линц қаласында өтіп жатқан Гран-при бәсекесінде сынға түсіп жатыр. Ол іріктеу кезеңінде қазақстандық Есет Қуановтан басым түсті.

Италиялық танымал балуан өткен жылдың қараша айында балалы болған еді. Ол 2016 жылы Рио Олимпиадасында 66 келіде алтын медаль иеленген. Кейін 73 келіге ауысып, бірқатар ірі жарыстарда жарқырай алды. Ол Токио Олимпиадасына қатысқанымен жүлде бұйырмады. Сонымен бірге, Париж Олимпиадасына дейінгі циклда бабы келіспеген балуан рейтингте үздіктер қатарына қосыла алмады.

Кейін жарақатына байланысты ұзақ уақыт үзіліс алып, жарыстарға қатысқан жоқ.

Айта кететін жайт, Италия балуаны 2016 жылы Алматы Гран Приінде топ жарған. Ол 2010 жылы Марокконың Агадир қаласында өткен жастар арасындағы әлем біріншілігінде Елдос Сметовпен бірге 55 келіде күресіп, қола жүлдегер атанған. Ал сол сында қазақстандық спортшы топ жарған болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам