Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Елдос Сметовке Таразда операция жасалды

12.03.2026, 16:31

Алайда дәрігерлер операциядан кейін толық оңалту кезеңінен өту қажет екенін айтқан.

Елдос Сметовке Таразда операция жасалды
Фото: instagram.com/yeldos60kg

Қазақстандық дзюдошы, Олимпиада чемпионы Елдос Сметов Тараз қаласындағы ауруханалардың бірінде операция жасатты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қазіргі уақытта спортшы дәрігерлердің бақылауында. Биыл Сметов халықаралық жарыстарға қатысуға дайындалып жүрген.

Алайда дәрігерлер операциядан кейін толық оңалту кезеңінен өту қажет екенін айтқан. Сондықтан спортшының жаттығу мен жарыстарға қашан оралатыны әзірге белгісіз.

Сонымен қатар, спортшының балалары да ауруханада жатқаны белгілі болды. Дәрігерлер оларға қызылша диагнозын қойған.

Елдос Сметов – қазақстандық дзюдоның ең танымал өкілдерінің бірі. Ол 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді және ұзақ жылдар бойы халықаралық жарыстарда Қазақстан намысын қорғап келеді.

Спортшы әлемдік ірі турнирлерде бірнеше рет жүлде алып, елдегі ең титулды дзюдошылардың біріне айналды. Ол – Олимпиада чемпионы, сондай-ақ әлем және Азия чемпионаттарының жүлдегері.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам