Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Умар Кремлев 7 секундта сенсация жасаған балуанға көлік сыйлады

Бүгін, 09:42

Ол финалдық кездесудің аяқталуына 7 секунд қалғанда жеңіске жетті

Умар Кремлев 7 секундта сенсация жасаған балуанға көлік сыйлады
Әлеуметтік желі

ІВА президенті Умар Кремлев 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы Еуропа чемпионатында ерекше әдіс жасаған ресейлік балуанға қымбат көлік сыйлады.

Сербияның Зренянин қаласында өткен Еуропа біріншілігінде еркін күрес шебері Бозигит Исламгереев чемпион атанған еді. Ол финалдық кездесудің аяқталуына 7 секунд қалғанда 5:8 есебімен жеңіліп жатып, аса күрделі 4 ұпайлық әдіс жасап, жеңіске жетті. Осылайша ол француз балуанынан айласын асырып, жанкүйерлердің ерекше ықыласына бөленді.

Чемпионаттан оралған балуанға ІВА басшысы автосалонға арнайы барып, көліктің кілтін табыстаған сәтін әлеуметтік желіде жариялады.

ІВА президенті бұған дейін Ресейдің күрес федерациясының қамқоршылық кеңесінің құрамына енген болатын. Ол спортшыларды қолдауды әлем бойынша жүзеге асыруды көздейтінін мәлімдеген. Сонымен қатар, ІВА өткен жылы Дубайда өткен әлем чемпионатында жүлде алған боксшыларға қомақты ақшалай сыйақы табыстады: чемпион — 300 мың АҚШ доллары, күміс жүлдегер — 150 мың, қола жүлдегер — 75 мың доллар алды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам