Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Нұрлан Смағұлов Ербол Хамитовқа Chery Tiggo 7 автокөлігін сыйлады

13.03.2026, 21:36

Жаңартылған Chery Tiggo 7 – заманауи дизайнға және кең әрі жайлы салонға ие кроссовер

Нұрлан Смағұлов Ербол Хамитовқа Chery Tiggo 7 автокөлігін сыйлады
Ұлттық паралимпиада комитеті

Қазақстандық паралимпиадашы Ербол Хамитов Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Паралимпиада ойындарында ел қоржынына алғашқы алтын медаль салды. Бұған дейін ол парашаңғы жарысында 1500 метрлік классикалық спринтте қола медаль жеңіп алған болатын.

Осы тарихи жеңіске байланысты Astana Motors компаниясының негізін қалаушы Нұрлан Смағұлов Қазақстан құрамасын және Ербол Хамитовты құттықтап, спортшыға Chery Tiggo 7 автокөлігін сыйға тартатынын мәлімдеді.

«Қазақстан құрамасын және Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтаймын! Astana Motors құрамындағы Chery Kazakhstan Ұлттық Паралимпиада комитетінің ресми серіктесі болғанын мақтан тұтамыз. Біз елдегі параспорттың дамуына қолдау көрсетуді жалғастырамыз. Ерболдың Chery Tiggo 7 көлігін тест-драйвқа алғанын білемін, сондықтан осы автокөлікті оған сыйлауға қуаныштымын», – деді Нұрлан Смағұлов.

Жаңартылған Chery Tiggo 7 – заманауи дизайнға және кең әрі жайлы салонға ие кроссовер. Көлік 1.6T турбоқозғалтқышымен, роботтандырылған беріліс қорабымен және интеллектуалды жүйемен жабдықталған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам