Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Зәкір Найманбаев Дана Уайттың лигасында үздік бестікке енді

15.03.2026, 12:51

Ол 7 наурыз күні жекпе-жек өткізді.

Зәкір Найманбаев Дана Уайттың лигасында үздік бестікке енді
Power Slap

Қазақстандық спортшы Зәкір Найманбаев Power Slap рейтингінде өз орнын жақсартты.

Спортшы бұл жаңалықты әлеуметтік желіде мәлімдеп, жанкүйерлеріне ризашылығын білдірді.

«Барша қазақстандықтарға ассалаумағалейкум! Power Slap әлемдік рейтингінде төртінші орынға көтерілдім, құттықтап қойсаңыздар болады. Бұл - Дана Уайт ұйымдастыратын шапалақ жекпе-жегі лигасы. Үш жеңістен кейін осы орынға тұрақтадым. Қазақстанды әлемдік аренада танытып жатырмыз! Әр соққы мен әр жаттығу бізді шыңға жақындатады. Алға, Қазақстан!» - деді Найманбаев.

Айта кетейік, бұған дейін Зәкір Найманбаев аталған рейтингте алтыншы орында тұрған. Наурыз айының басында ол америкалық Уэс Менамен өткен жекпе-жекте жеңіске жетіп, нәтижесінде төртінші орынға көтерілді.

Еске сала кетейік, Power Slap лигасының негізін қалаушы - UFC президенті Дана Уайт.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам