Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Абиба Әбужақынова Баку турнирінде қола жүлде иеленді

16.02.2024, 21:49

Ол үш апта бұрын Португалияда да үшінші орын алған болатын

Абиба Әбужақынова Баку турнирінде қола жүлде иеленді
olympic.kz

Қазақстан дзюдошысы Абиба Әбужақынова Бакуде басталған Grand Slam турнирінде қола жүлде иегері атанды. 

48 келіде татамиге шыққан отандасымыз ширек финалда швециялық балуанға есе жіберіп, жұбаныш белдесуінде Әзірбайжан балуанын ұтты. Ал қола жүлде үшін күресте ол Бельгия дзюдошысынан басым түсіп, қола жүлдеге қол жеткізді.

Осы салмақта күрескен Ғалия Тынбаева бірінші белдесуінде Аустрия балуанынан ұтылып, жарысты аяқтады.

Сондай-ақ, әйелдер арасында 52, 57, ерлерден 60, 66 келіде күрескен балуандарымыз жүлдеден тыс қалды.

Абиба Әбужақынова қаңтар айының соңында Португалияда өткен Гран При бәсекесінде үштікке енген еді. Ол 3 апта ішінде өзі қатысқан екінші жарыстан жүлде алып отыр.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам