Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

«Асаубаеваға 388 млн теңге бөлінді»: Бибісараның анасы федерация бөлген ақшаның қайда кеткенін айтты

Бүгін, 12:49

Қазақстан шахмат федерациясы спортшыға қанша қаржы бөлгенін жариялаған

«Асаубаеваға 388 млн теңге бөлінді»: Бибісараның анасы федерация бөлген ақшаның қайда кеткенін айтты
әлеуметтік желі

Қазақстан шахмат федерациясы бөлген қаржыға қатысты Бибісара Асаубаеваның анасы мәлімдеме жасады.

Лиана Таңжарықова Instagram желісінде тараған «Бибісара Асаубаеваға соңғы төрт жылда 388 миллион теңге бөлінді» деген ақпаратқа пікір білдіріп, бұл қаражаттың қалай жұмсалатынын түсіндірді.

«Блогерлердің Бибісараға бөлінген қаржы туралы жазбаларын көрдім. Төрт жылда 847 мың доллар бөлінді деп айтылып жатыр. Оның ішінде гранттар мен сыйақылар бар. Бірақ Бибісара федерациядан жалақы алмайды. Жалпы сома - 388 миллион теңге. Оның 315 миллионы - гранттар, 73 миллионы - сыйақылар. Алайда гранттарды біз алмаймыз. Федерация бұл ақшаны жаттықтырушыларға тікелей аударады. Барлығы салық ұсталғаннан кейін төленеді», - деді ол.

Таңжарықованың сөзінше, салықтан кейін төрт жылда гранттар көлемі 220 миллион теңгені, ал сыйақылар 58 миллион теңгені құраған. Осылайша, қолға тиген жалпы сома 278 миллион теңге болған.

«Төрт жылда жаттықтырушыларға шамамен 465 мың доллар төленді. Ал сыйақы көлемі - 122 мың доллар. Бізде тұрақты жалақы жоқ, тек жеңіске жеткен жағдайда ғана сыйақы беріледі», - деді Бибісараның анасы.

Сондай-ақ ол федерацияның жалпы шығындарына қатысты да сұрақ қойды.

«Федерация басқа құрамаларға бөлінген қаржыны да жариялады. Мүмкін, басқа шахматшылардың жоғары нәтиже көрсете алмауының себебі де осында шығар? Ал федерация төрт жылда жұмсаған 30 миллион доллар қайда кетті? Осыған жауап күтемін», - деді Лиана Таңжарықова.

Айта кетейік, бұған дейін шахмат федерациясы спортшылардың арасында Бибісараға ең көп мөлшерде қаржылық қолдау көрсетілетінін мәлімдеген еді.

«Қазір федерацияның жылдық бюджеті 5 миллиард теңгеден асады. Қаржыландыру тек Freedom Holding Corp. арқылы жүзеге асырылады. Барлық спортшының ішінде ең үлкен қаржылық қолдауды Бибісара Асаубаева алады. 2023-2026 жылдар аралығында шахматшыға бөлінген қаражаттың жалпы көлемі – шамамен 388 миллион теңге. Тікелей гранттар мен сыйақылар ретінде 2023 жылы – 95 миллион теңге және сыйақы 28 миллион теңге, 2024 жылы – 70 миллион теңге және сыйақы 20 миллион теңге, 2025 жылы – 70 миллион теңге бөлінді. Бұл көрсеткіш ұлттық құраманың басқа жетекші ойыншылары алған қаржы көлемінен (шамамен 50-70 миллион теңге) орта есеппен 3-5 есе жоғары», – делінген мәлімдемеде.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам