ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

Англиядағы жартылай марафонда 25 жастағы екі қатысушы қайтыс болды

Қатысушылардың өліміне нақты не себеп болғаны әзірге анықталған жоқ

Reuters
Reuters

Ұлыбританияда өткен Great North Run жартылай марафоны кезінде 25 жастағы екі қатысушы қайтыс болды.

Англияның солтүстік-шығыс өңірінен келген екі ер адам жарыс барысында өзін жайсыз сезініп, есінен танып қалған. Оқиға орнында кезекшілік атқарған медицина мамандары шұғыл көмек көрсеткенімен, олардың өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.

Қатысушылардың өліміне нақты не себеп болғаны әзірге анықталған жоқ. Марқұмдардың отбасыларына құрметпен қарау мақсатында ұйымдастырушылар олардың аты-жөні мен оқиғаның өзге де мән-жайын жарияламады.

«Great North Run жарысын ұйымдастыруға қатысқан барша азамат қаза болғандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтады. Біз осы ауыр кезеңде олардың отбасыларына қолдау көрсетуді жалғастырамыз», — делінген Great Run Company мәлімдемесінде.

Жартылай марафон жексенбі күні Ньюкасл мен Саут-Шилдс қалаларының арасында өтті. Great North Run жарысының 45-реткі додасына шамамен 63 мың адам қатысқан.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам