Жоламан Биғабыл каратэден Азия ойындарында алтын алды

Қазақстандық спортшы финалда Өзбекстан өкілі Х. Халимовпен кездесті

Туризм және спорт министрлігі
Туризм және спорт министрлігі

Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі Жоламан Биғабыл Жапонияның Айти–Нагоя қалаларында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарының жеңімпазы атанды.

Каратэден кумитэ бағдарламасы бойынша 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында қазақстандық спортшы Өзбекстан өкілі Х. Халимовпен кездесті. Жоламан Биғабыл шешуші жекпе-жекте қарсыласын 9:1 есебімен сенімді жеңіп, Азия ойындарының алтын медалін иеленді.

Бүгінде WKF каратэ Қазақстандағы бұқаралық спорт түрлерінің бірі саналады. Бұл спорт еліміздің 20 өңірінде дамытылып, онымен 77 мыңнан астам адам тұрақты түрде айналысады. Оның 25 мыңға жуығы – әйелдер.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам