Ел қоржынына бесінші алтын түсті
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Еркінғали Бүркіталин Аичи және Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында алтыннан алқа тақты. Отандасымыз жарыстан кейінгі сезімдерімен бөлісіп, финалдағы қарсыласы жайлы айтты.
"Қолдау көрсеткен барша жанға шын жүректен алғыс айтамын. Еткен еңбегімнің ақталғанына өте қуаныштымын. Аралас жекпе-жектен Азия ойындарында топ жарамын деп өзім де ойлаған жоқпын. Бала кезде боксшылардың барлығы Олимпиада чемпионы болғысы келеді. Мен Олимпиада чемпионы болмасам да, Азия ойындарында жеңімпаз атанғаныма қуаныштымын.
Әрине, жекпе-жек алдында арнайы тактика құрдық. Бахрейндік спортшының бұған дейінгі жекпе-жектерін қарап шықтық. Сәтті қорғанып, қарсыласыма күресуге мүмкіндік бермеуге тырыстым.
Бұл – күрес емес, аралас жекпе-жек. Сондықтан өзімнің мықты тұстарымды пайдаландым. Қазақ халқының бойында туа бітті боксқа деген қабілет бар деп айтқан едім. Соны дәлелдей алдым деп ойлаймын", - деді спортшы.
Айта кетейік, Еркінғали Бүркіталин 77 келіге дейінгі салмақтың финалында бахрейндік Мухаммад Набиевті 3:0 есебімен жеңді.