Велошабандоз Рината Сұлтанова алтыннан кейін тағы бір күміс медаль жеңіп алды

Ол финалда жапондық спортшыға есе жіберді

ҰОК
ҰОК

Қазақстандық велошабандоз Рината Сұлтанова Аичи мен Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында омниум сайысынан күміс жүлдегер атанды.

Тректегі велоспорттан өткен төрт кезеңнің қорытындысы бойынша отандасымыз 133 ұпай жинап, екінші орынға ие болды.

Жапониялық Юми Кадзихара 136 ұпаймен жарыс жеңімпазы атанса, Гонконг өкілі Ли Сзе Винг 124 ұпаймен қола медаль иеленді.

Айта кетейік, бұған дейін Рината Сұлтанова Азиада-2026 ойындарында тасжолдағы жекелей жарыста алтын медаль жеңіп алған болатын.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам