Тамирлан Тілеулес Қазақстан таеквондосына Азиададағы тарихи алтынды сыйлады

Тамирлан Тілеулес жазғы Азия ойындарында чемпион атанған тұңғыш қазақ таеквондошысы атанды

Арлан Олжабай
Арлан Олжабай

Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында Қазақстан таеквондодан тарихи нәтижеге қол жеткізді.

Ерлер арасында 58 кг дейінгі салмақтың финалында отандасымыз Тамирлан Тілеулес финалда Курт Брайан Барбозамен күш сынасты. Тартысты жекпе-жекте отандасымыз жеңіске жетіп, қазақтан шыққан тұңғыш Азиада жеңімпазы атанды.

Осыған дейін сары құрлық бәсекесінің ақтық сынына 3 отандасымыз шығып, күміс жүлдені місе тұтқан. Олар:

Феруза Ергешова (Гуанчжоу-2010, 73 кг)

Нұрсұлтан Мамаев (Инчхон-2014, -58 кг)

Жансель Дениз (Джакарта-2018, 73 кг)

Енді бүгін Тамирлан финалдағы осы сәтсіз серияға нүкте қойды.

Бүгін Тілеулес алғашқы айқасында Оман өкілінің, ширек финалда әлем чемпионы Аболфазл Зандидің жолын кесті. Ал жартылай финалда Оңтүстік Корея өкілі Ан Хянсикті ұтқан (2-1).

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам