Дзюдодан әлем чемпионатының туы Қазақстанға табысталды

Қазақстан 12 жылдан кейін дзюдодан әлем чемпионатын қайта қабылдайды

Дзюдо федерациясы
Дзюдо федерациясы

Елімізде 2027 жылы дзюдодан әлем чемпионаты өтетіні белгілі. Осыған орай Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Бакудегі жаһан біріншілігі кезінде Қазақстанға ресми түрде туын табыстады. 

Аталған біріншілік келер жылдың 7-14 маусымы аралығында Астанада ұйымдастырылмақ. 

Осыған қатысты еліміздің дзюдо федерациясының Бас хатшысы Айбек Имашев пікір білдіріп, әлем біріншлігінің елімізде өтуінің маңызына тоқталды. 

«Әзербайжан астанасы Баку қаласында 2027 жылы өтетін әлем чемпионатының эстафетасы біздің ҚР Дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеевке табысталды. Бакудегі әлем чемпионаты жоғары деңгейде өтті. Жалпы біздің еліміз жарыс өткізуде алдыңғы қатардағы елдердің санатына кіреді десек, артық айтпаймыз. Себебі келесі жылы өтетін тек дзюдодан ғана емес, басқа да көптеген спорт түрлерінен әлем чемпионаттары өтеді. 2015 жылы әлем чемпионаты өтсе, араға 12 жыл салып, қайтадан ересектер арасындағы әлем чемпионатты қабылдағалы отыр. Бұл сын біздің спортшыларға үлкен мүмкіндік», - деді Айбек Имашев. 

Сонымен бірге, федерация өкілі Халықаралық дзюдо федерациясының Қазақстанға зор сенім артып отырғанын да жеткізді. 

«Халықаралық дзюдо федерациясының біздің елімізге деген көзқарасы, қарым-қатынасы жоғары деңгейде екенін өзіңіз білесіздер. Оның бір дәлелі төрт жылдық Қазақстан барысы Гранд Слам турнирлерін біз 2023 жылдан бастап өткізіп келдік. Оған халықаралық дзюдо федерациясы оң бағасын беріп, біздің жұлдызы жанған спортшыларымызға да тәжірибелерін шыңдауда мүмкіндік туды. Енді келесі жылы өтетін әлем чемпионатында абыроймен өткізуге барлық күшімізді саламыз. Спортшыларымыз алтыннан алқа тағып, Олимпиада ойындарына қажетті ұпай жинап, сол сында тарих жаңартатын күнге де жетеміз деп ойлаймыз», - деді Бас хатшы. 

Айта кетейік, Бакуде жекелей сын бойынша әлем чемпионатының белдесулері аяқталды. Бұл турнирде Қазақстан балуандары арасында Шерзод Давлатов (60 кг) күміс жүлдеге ие болды. Сондай-ақ, өзге балуандар іріктеу кезеңдерінде есе жіберсе, 81 келіде Абылайхан Жұбаназар бесінші орынға тұрақтады.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам