Қысқа бағдарламадан кейін 102,46 ұпай жинаған француз Адам Сяо Хим Фа көш басына шықты
Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров мәнерлеп сырғанаудан Францияның Анже қаласында өтіп жатқан 2026/27 жылғы Гран-при кезеңінің алғашқы жарысында қысқа бағдарламасын орындады.
Қазақстандық спортшы бұл кезеңде 80,25 ұпай жинап, 12 қатысушының арасында әзірге төртінші орында тұр.
Қысқа бағдарламадан кейін 102,46 ұпай жинаған француз Адам Сяо Хим Фа көш басына шықты. Эстониялық Александр Селевко 85,49 ұпаймен екінші орында тұрса, 83,83 ұпай еншілеген оңтүстіккореялық мәнерлеп сырғанаушы Со Мин Гю үздік үштікті түйіндеді.
Айта кетейік, еркін бағдарлама ертең, 25 қазанда өтеді.